Жиналыс барысында ата-аналармен бірге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, соның ішінде заңсыз ақша жинауға жол бермеу мәселесі кеңінен талқыланды. Педагогтер мен ата-аналарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, әрбір баланың балабақшадағы тәрбиесі мен білімі мемлекет тарапынан кепілдендірілгені атап өтілді.
Жиналған ата-аналар мен педагогтердің негізгі мақсаты – балаларға қолайлы, қауіпсіз және әділ орта қалыптастыру. Заңсыз қаржы жинау фактілеріне жол бермеу – баршамыздың ортақ міндетіміз екені айтылды.
Бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.