02.02.2026 күні консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес ата-аналармен шеберлік сыныбы өткізілді.
Іс-шара барысында ата-аналарға балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған түрлі дамытушы ойындар көрсетіліп, олардың тиімді қолдану жолдары таныстырылды. Шеберлік сыныбы ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттыруға және бала дамуына қолайлы орта қалыптастыруға бағытталды.
Ата-аналарға арналған консультация өтті.
Балабақшамызда педагог-психолог пен логопед мамандары ата-аналармен балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша жеке және топтық консультациялар өткізді.
Консультация барысында:
Балалардың жас ерекшеліктеріне сай психологиялық дамуы
Сөйлеу тіліндегі ерекшеліктер мен түзету жолдары
Үй жағдайында тиімді қолдау көрсету тәсілдері
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту жолдары талқыланды.
Мамандар ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, тәжірибелік кеңестер ұсынды.
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Логопед маманы кеңесі 2026жыл | |
| 2 | Педагог-психолог маманы кеңесі 2026 жыл |
