“Балапан” ортаңғы тобында “Жаңа жылдағы қызықтар” атты мерекелік ертеңгілік өткізілді. Балалар кейіпкерлермен ойын ойнап, би билеп, ән айтып өз өнерлерін көрсетті. Аяз ата балалардың өнерлерін тамашалап, сыйлықтар таратты. Топ тәрбиешілері: Елубаева А. К Ақтілеу Б.Б Ән жетекшісі: Қоянбаева Н.А
“Ботақан” кіші тобында “Қуант бізді, Жаңа жыл!” атты мерекелік ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: Балаларға жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Топ тәрбиешілері: Науырзалиева Қ.Р Дүйсенбина Г.К Ән жетекшісі: Қоянбаева Н.А
“Ақ желкен” арнайы түзету тобында “Төрле, төрле Жаңа жыл!” атты мерекелік ертеңгілік өткізілді. Мақсаты:Балаларға жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Топ тәрбиешілері: Казыбаева М.А Маркабаева М.Н Ән жетекшісі: Дубовенко И.В
”Ақбота” кіші тобының “Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!”атты мерекелік ертеңгілігі.
Мақсаты:Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру.Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру.
Топ тәрбиешілері:
Жубанышева А.С
Нургалиева Г.А
Ән жетекшісі: Шпанко М.В
“Еркетай” кіші тобында “Қош келдің, Жаңа жыл!” атты мерекелік ертеңгілік өтті.
Мақсаты: Жаңа жыл туралы ән, би, тақпақтарды айтқыза отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Топ тәрбиешілері:
Шонтыбаева А.Е
Алпамысқызы Д
Ән жетекшісі: Шпанко М.В
№1 «Еркетай» алға бөбекжай-балабақшасы мкқк
№1 «Еркетай» Алға бөбекжай - балабақшасында 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орай "Менің - Рәміздерім" атты іс- шара өткізілді. Іс - шарада балалар рәміздер туралы тақпақтар, әндер айтып би биледі
Ботақан мен Ақбота ересек тобы
Балабақшада «Аналар күні» мен «Халықаралық отбасы күні» мерекесіне орай «Менің анам», «Менің отбасым» атты шығармалар мен сурет байқауы өткізілді. Байқауға барлық топтар қатысып, байқау нәтижесі бойынша тәрбиеленушілер І - ІІ және ІІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталды. Барша ат салысқан тәрбиеленушілер мен ата - аналарға алғыс білдіреміз.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» жұмыс жоспарына сәйкес «Құстарға қамқор болайық» іс - шарасы өткізілді.
02.06.2023 Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай "Ботақан" ортаңғы тобында "Рәміздерім - мақтанышым!"тақырыбында танымдық іс - әрекет өткізілді.
02.06.2023 Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай "Ақбота"ортаңғы тобында "Тәуелсіз еліміздің рәміздері" тақырыбында танымдық іс - әрекет өткізілді. Мақсаты: Ту,әнұран, елтаңба туралы түсініктерін жетілдіру. Сөздік қорларын молайту,байланыстырып сөйлеуге үйрету. Отан сүйгіштікке баулу,елін,жерін құрметтеуге тәрбиелеу
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай "Еркетай"ортаңғы тобында "Рәміздерім - мақтанышым!"тақырыбында танымдық іс-әрекет өткізілді. Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.