№1 «Еркетай» Алға бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Ш.С. Таженова педагогтермен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары” тақырыбында семинар өткізді.
Іс - шара барысында педагогикалық ұжымға заңнаманың негізгі нормалары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары және академиялық адалдық қағидаттары кеңінен түсіндірілді. Сондай - ақ, адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.
Семинардың мақсаты - педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және білім беру саласында ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету.
№1 «Еркетай» алға бөбекжай - балабақшасы МКҚК
