Балабақша әдіскері Г.ТЖұмағалиева, бүгінгі таңда кең таралып жатқан интернет алаяқтарынан сақ болудың қауіпсіздік шараларымен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Интернет алаяқтарынан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шаралары:
Дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламау;
Белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеу;
Күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмау;
Ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпау;
Кез келген сілтеме бойынша өтпеу,спам хабарламаларға сенбеу.
Осы талаптарды сақтау арқылы әр адам алаяқтардан өзін қорғап жүре алады.
№1 «ЕРКЕТАЙ» АЛҒА БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫ МКҚК