Наурызнама мерекесі аясында “Ақбота”, “Еркетай” кіші топтары “Ұлттық киімдер” күнін атап өтті. Балалар ойындар ойнап, наурыз туралы тақпақтарын айтты. Балаларға қазақтың ұлттық киімдері туралы мәлімет беріліп, таныстырылды. Ұлттық киім - қай ұлттың болмасын салт - дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Оған жай киім ретінде емес, бүтін бір ұлттың бет - бейнесін айқындайтын мұра, сан ғасырлық тарихы бар көркем туынды деп қарауымыз керек.